Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім

Homezin сервисі (homezin.kz)
Редакция: 27.11.2026

1-бөлім. Сервис Пайдаланушысының келісімі

(тұрғын үй иесі сервисте тіркелу кезінде белгі қоятын мәтін)

Мен, ____________, Homezin сервисінде тіркеле отырып, «B-STARS» жеке кәсіпкеріне, ЖСН 890115350184 — Homezin сервисінің цифрлық объектісінің (дерекқорының) меншік иесіне және операторына (бұдан әрі — Оператор), менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Деректер құрамы:

  • тегі, аты, әкесінің аты;
  • ұялы телефон нөмірі;
  • электрондық пошта мекенжайы;
  • ЖСН (егер мен жеке тұлға болсам) немесе, егер мен көрсетсем, менің жеке кәсіпкерімнің немесе компаниямның деректемелері;
  • мен енгізетін жылжымайтын мүлік объектілері туралы мәліметтер;
  • жазылымды төлеу туралы мәліметтер;
  • сервистегі менің әрекеттерім туралы техникалық мәліметтер.

«Тек шарттар» («Только договоры») режимінде қосымша:

  • телефон нөмірін SMS арқылы келген кодпен растау туралы белгі;
  • телефон нөмірінің және деректемелердегі ЖСН/БСН-нің қорғалған хэші (құпия кілтпен есептелген).

Өңдеу мақсаттары:

  • маған сервиске қолжетімділік беру және оның жұмысын қамтамасыз ету;
  • менің брондауларым мен шарттарым бойынша құжаттарды қалыптастыру;
  • сынақ шарттарын беру және оларды қайта алуға жол бермеу;
  • маған қызметтік хабарламалар мен төлем туралы хабарламаларды жіберу;
  • сервистің жұмысы мәселелері бойынша менімен байланыс;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау.

Деректермен жасалатын әрекеттер: жинау, жазу, сақтау, өзгерту, пайдалану, сервистің жұмысы үшін қажетті шекте тарату, иесіздендіру, бұғаттау және жою.

Үшінші тұлғаларға беру: сервистің жұмысы үшін менің деректерімнің қажетті ең аз көлемі хостинг, байланыс (SMS, электрондық пошта, мессенджер), төлем қызметтерін, құжаттарды, суреттерді және сақтық көшірмелерді сақтау қызметтерін жеткізушілерге, сондай-ақ Оператордың қызметтік хабарламалары қызметін жеткізушілерге берілетініне келісемін. Жеткізушілердің тізбесі, беру мақсаты және орналасқан жері Құпиялылық саясатында баяндалған. Шарт құрамында жалға алушыларға менің тегім, атым, әкемнің атым, ЖСН/БСН-ім және телефоным беріледі.

Жалпыға қолжетімді көздерде орналастыру: тек пәтерлердің жария беттерінде және витринада өзім көрсететін мәліметтер ғана; менің қалған деректерім орналастырылмайды.

Шетелге беру: Қазақстан Республикасының шегінен тыс жеткізушілерге мыналардың берілетініне келісемін: электрондық пошта мекенжайы және қызметтік хаттардың мәтіні; телефон нөмірі және мессенджердегі хабарлама мәтіні — мен қызметкерлерді шақырған немесе құпиясөзді мессенджер арқылы қалпына келтірген кезде. Төлем ұйымы өз саясаты бойынша төлем деректерін Қазақстан Республикасының шегінен тыс сақтауы мүмкін. Тізбе — Құпиялылық саясатында.

Келісімнің қолданылу мерзімі: есептік жазбаның қолданылу мерзімі ішінде және ол жойылғаннан кейін үш жыл. Сынақ шарттары қайта берілмеуі үшін телефон нөмірінің және ЖСН/БСН-нің қорғалған хэші есептік жазба жойылғаннан кейін үш жыл бойы сақталады.

Келісімді кері қайтарып алу: мен info@homezin.kz мекенжайына өтініш жіберіп, осы келісімді кері қайтарып алуға құқылымын. Келісімді кері қайтарып алу менің сервиске қолжетімділігімнің тоқтатылуына әкеп соғады, өйткені көрсетілген деректерді өңдемей қызмет көрсету мүмкін емес. Оператор заң бойынша сақтауға міндетті не бұрын жасалған шарттар бойынша дәлел ретінде қажетті деректер белгіленген мерзім өткенге дейін сақталады.

Құпиялылық саясатымен және Жария офертамен танысқанымды және олардың талаптарын қабылдайтынымды растаймын.

2-бөлім. Қонақтың келісімі

Брондауды ресімдей отырып және шарт-офертаның талаптарын қабылдай отырып, менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Деректерді кім өңдейді: жалға беруші — орналастыру объектісінің шарт-офертада көрсетілген иесі немесе басқарушысы. Деректер Homezin сервисінде сақталады және өңделеді, оның меншік иесі және операторы — «B-STARS» ЖК, ЖСН 890115350184.

Деректер құрамы: тегі, аты, әкесінің аты; ұялы телефон нөмірі; егер оларды жалға беруші сұраса, жеке басты куәландыратын құжаттың деректері және оның көшірмесі (суреті); тұру күндері және таңдалған объект туралы мәліметтер; жасалған төлем және енгізілген депозит туралы мәліметтер, таңдалған төлеу тәсілі; егер мен үшін төлемді басқа тұлға енгізсе — оның аты мен телефон нөмірі, сондай-ақ төлем құжатында көрсетілген төлем жіберуші туралы мәліметтер; мен бронь бетінде тіркейтін немесе сервис арқылы хат алмасуда жалға берушіге жіберетін төлем құжаттарының (чектердің) суреттері; егер жалға беруші хат алмасуды сервис арқылы жүргізсе — жалға берушімен хат алмасу; менің шарт-офертаны қабылдау фактісі туралы мәліметтер — күні, уақыты, растау коды жіберілген телефон нөмірі, қосылу мекенжайы (IP) және браузер туралы мәліметтер.

Мен үшін төлем енгізетін басқа тұлға туралы мәліметтерді көрсете отырып, осы тұлғаның бұл мәліметтердің бронь бойынша есеп айырысу үшін жалға берушіге берілуіне келісетінін растаймын.

Өңдеу мақсаттары: тұрғын үйді қысқа мерзімді жалдау шартын жасасу және орындау; тұру ақысы бойынша есеп айырысу және депозитті қайтару; тұру мәселелері бойынша менімен байланыс; шарттың жасалу фактісін растау және осы фактінің дәлелдерін сақтау; ықтимал дауларды шешу.

Үшінші тұлғаларға беру: хабарламаларды жеткізу, шартты сақтау және сервистің жұмысы үшін деректердің қажетті ең аз көлемі байланыс (растау коды бар SMS, ал сервис арқылы хат алмасқанда — мессенджер), хостинг, құжаттарды және сақтық көшірмелерді сақтау қызметтерін жеткізушілерге беріледі.

Шетелге беру: егер жалға беруші менімен Homezin сервисіне қосылған WhatsApp боты арқылы хат алмасса, менің телефон нөмірім және хат алмасу (мәтіндер, дауыстық хабарламалар, төлем құжаттарының суреттері) Қазақстан Республикасының шегінен тыс WhatsApp хабар алмасу қызметтерін жеткізушіге берілетініне келісемін. Қалған жағдайларда Homezin менің деректерімді Қазақстан Республикасының шегінен тыс бермейді. Жеткізушілер тізбесі — Құпиялылық саясатында.

Жалпыға қолжетімді көздерде орналастыру: менің деректерім жалпыға қолжетімді көздерде орналастырылмайды.

Келісімнің қолданылу және сақтау мерзімі: кеткен күннен бастап үш жыл. Мерзім азаматтық-құқықтық даулар бойынша жалпы талап қою мерзіміне сүйене отырып белгіленген.

Менің құқықтарым: менің деректерімді өңдеу туралы мәліметтер алуға, оларды нақтылауды, бұғаттауды немесе жоюды талап етуге, осы келісімді кері қайтарып алуға құқылымын. Өтініш шарт-офертада көрсетілген жалға берушіге не info@homezin.kz мекенжайына жіберіледі.

Шарт жасалғаннан кейін келісімді кері қайтарып алу сақтау мерзімі өткенге дейін шартты орындау және оның жасалуын растау үшін қажетті мәліметтердің жойылуына әкеп соқпайтыны маған түсіндірілгенін растаймын.

3-бөлім. Жалға алушының келісімі

Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім
(Жалға алушы тұрғын үйді жалдау шартын растағанға дейін береді)

Мен, ____________, № ____________ тұрғын үйді жалдау шартын жасасу және орындау үшін менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

1. Менің деректерімді кім өңдейді:

  • Шартта көрсетілген Жалға беруші: ____________, ЖСН/БСН ____________. Ол менің деректерімді жинайды және оларды шартқа енгізеді.
  • «B-STARS» ЖК, ЖСН 890115350184 — Homezin сервисінің цифрлық объектісінің (дерекқорының) меншік иесі және операторы; шарт осы сервисте дайындалады, расталады және сақталады.

2. Қандай деректер:

  • тегі, аты, әкесінің аты; ұялы телефон нөмірі;
  • ЖСН және жеке басты куәландыратын құжаттың деректері (нөмірі, берілген күні, кім бергені) — егер олар шартта көрсетілсе;
  • жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (суреті) — егер Жалға беруші оны шартқа қоса тіркесе;
  • жалдау мерзімі, үй-жайдың мекенжайы, төлем және қамтамасыз ету ақысы;
  • шартты растау туралы мәліметтер: сілтемені ашу және кодты енгізу күні мен уақыты, код жіберілген телефон нөмірі, қосылу мекенжайы (IP), браузер мен құрылғы туралы мәліметтер.

3. Не үшін: шартты жасасу және орындау; тұру мәселелері бойынша менімен байланыс; шарттың жасалу фактісін және оның мәтінін растау; ықтимал дауларды шешу.

4. Кімге беріледі:

  • «Мобизон» ЖШС (Қазақстан Республикасы) — SMS жеткізу үшін тек телефон нөмірі және коды бар мәтін;
  • Қазақстан Республикасындағы хостинг және құжаттарды сақтау қызметтерін жеткізушілерге — шартты және құжат көшірмесін сақтау үшін.

Менің деректерім жалпыға қолжетімді көздерде орналастырылмайды. Жалға беруші маған сілтемені және шартты мессенджерлер мен басқа арналар арқылы өзі жібере алады — мұндай беру үшін Жалға беруші жауап береді.

5. Шетелге беру: Homezin менің деректерімді Қазақстан Республикасының шегінен тыс бермейді.

6. Мерзімі: келісім жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін үш жыл бойы қолданылады (жалпы талап қою мерзімі, ҚР АК 178-бабы). Егер шарт расталмаса, менің деректерім ұсыныстың қолданылу мерзімі аяқталғаннан немесе оның күші жойылғаннан кейін 30 күн өткен соң жойылады.

7. Кері қайтарып алу: мен Жалға берушіге немесе info@homezin.kz мекенжайына жүгініп, келісімді кері қайтарып алуға құқылымын. Шарт жасалғаннан кейін келісімді кері қайтарып алу сақтау мерзімі аяқталғанға дейін шартты орындау және оның жасалуын растау үшін қажетті мәліметтердің жойылуына әкеп соқпайды («Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағы).

8. Менің құқықтарым: менің деректерімді өңдеу туралы мәліметтер алу, оларды нақтылауды, бұғаттауды немесе жоюды талап ету, әрекеттерге дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасау.

Телефон нөмірін тексеру. Қол қою кодын жібермес бұрын HOMEZIN деректерді HOMEZIN тапсырмасы бойынша өңдейтін «Biometric solution» ЖШС (БСН 210240020956) арқылы шартта көрсетілген телефон нөмірінің eGov мобильді азаматтар базасында менің ЖСН-ыма тіркелгенін тексереді. Тек ЖСН мен телефон нөмірі беріледі; жауап ретінде тек «тіркелген» немесе «тіркелмеген» деген мәлімет келеді. Тексеру нәтижесі, оның күні мен уақыты HOMEZIN-де шартқа қол қою туралы мәліметтердің бөлігі ретінде сақталады және қол қою туралы анықтамада көрсетіледі. Деректер Қазақстан Республикасында өңделеді және сақталады.

Келісімді шартты растау нысанындағы белгі арқылы беремін. Белгі, күні, уақыты және осы мәтіннің редакциясы сақталады (Заңның 8-бабының 1-тармағы).